Nikon COOLPIX S3700 Bedienungsanleitung Seite 8

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 12
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 7
viii
Кіріспе
Құрылғылар қосулы немесе қолданылып жүрген кезде
фотокамераны, зарядтау айнымалы ток адаптерін немесе
айнымалы ток адаптерін ұзақ уақыт бойы ұстап жүрмеңіз
Құрылғының бөлшектері қызуы мүмкін. Құрылғылардың ұзақ уақыт
бойы теріге тиіп тұруы төмен температуралы күйіктерге əкелуі мүмкін.
Өнімді жабық автокөлік немесе тікелей күн көзі сияқты
температурасы жоғары болатын орындарда қалдырмаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау зақымдалуға немесе өртке əкелуі мүмкін.
Батареяны пайдаланған кезде абай болыңыз
Дұрыс пайдаланылмаған кезде, батарея ағып кетуі, шамадан тыс қызуы
немесе жарылуы мүмкін. Осы өнім үшін пайдалану мақсатында
батареяны ұстаған кезде келесі сақтық шараларын ескеріңіз:
Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді өшіріңіз. Егер зарядтау
айнымалы ток адаптерін/айнымалы ток адаптерін пайдаланcаңыз,
оның суырылғанына көз жеткізіңіз.
Тек қана EN-EL19 қайта зарядталатын литий-ионды батареяны
пайдаланыңыз (жинаққа кіреді). Батареяны зарядтау мүмкіндігін ұсынатын
фотокамера арқылы зарядтаңыз. Осы əрекетті орындау үшін, зарядтауға
арналған EH-70P айнымалы ток адаптерін (жиынтықта бар) немесе
Charge
by computer (Компьютер арқылы зарядтау)
функциясын пайдаланыңыз.
Батареяны фотокамераны пайдаланбай зарядтау үшін MH-66 батареяны
зарядтау құрылғысын (бөлек сатылады) да пайдалануға болады.
Батареяны салған кезде, оны төңкеріп немесе кері бағытта салуға
тырыспаңыз.
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз немесе
батареяның изоляциясын немесе сыртын алып тастауға немесе
бөлуге тырыспаңыз.
Батареяны отқа немесе шамадан тыс ыстыққа салмаңыз.
Суға салмаңыз немесе судың шашырауына жол бермеңіз.
Батареяны тасымалдаудан бұрын оны оқшаулау үшін
пластмассадан жасалған қапқа, т.б. са
лыңыз. Ба
тареяны алқа
немесе шаш түйрегіштер сияқты металдан жасалған заттармен бірге
тасымалдамаңыз немесе сақтамаңыз.
Қуаты таусылған кезде батарея ағып кетуге бейім келеді. Өнімге
зақым келтірмеу үшін қуаты таусылған кезде батареяны алып
тастауды ұмытпаңыз.
Батареяда түсінің немесе пішінінің өзгеруі сияқты өзгерістерді
байқасаңыз, пайдалануды сол бойда доғарыңыз.
Зақымдалған батареядан шыққан сұй
ықт
ық киімге немесе теріге
тисе, бірден сумен шайыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланған кезде келесі
сақтық шараларын есте сақтаңыз
Құрғақ күйде сақтаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау өртке
немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Ашаның метал бөліктеріндегі немесе маңайындағы шаңды құрғақ
шүберекпен тазалау қажет. Ұзақ уақыт пайдалана беру өртке əкелуі мүмкін.
Найзағай жарқылы кезінде ашаны ұстамаңыз немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерінің жанына бармаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Seitenansicht 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare